Биыл жылыту маусымы басталғаннан бері «109» бірыңғай байланыс орталығына жылынбау мәселесі бойынша облыс тұрғындарынан үш жүзден астам өтініш келіп түсті. Әрбір өтінішке тұрғын үй инспекциясы бөлімдерінің мамандары үйлерді жылумен жабдықтау параметрлеріне тексеру жүргізіп, зақымданулар жойылды.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиыны барысында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ержан Иманзайыпов биыл жылыту маусымының басында барлық автономды қазандықтар уақытылы дайындалғанын мәлім етті. Бұл — қыркүйек айында басталған гидравликалық сынақтардың нәтижесінде қол жеткізген көрсеткіштердің бірі. Оның айтуынша, бүгінгі күні тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар 100 пайыз жылумен қамтылған.

— Ағымдағы жылы жылыту маусымын әдеттегіден бір аптаға бұрын бастадық, әлеуметтік нысандар үшін 9 қыркүйектен, көппәтерлі тұрғын үйлерді жылуға қосу 16 қыркүйектен басталды. Жылыту маусымы басталғаннан бері қалалар мен аудандардың тұрғындарынан «109» бірыңғай байланыс орталығына жылумен жабдықтауды қосуға байланысты азаматтардан 361 өтініш келіп түсті. Әрбір өтініш бойынша мамандар арнайы тексеру жүргізіп, қалалар әкімдіктерінің тұрғын үй инспекциясы бөлімдері пысықтады. Жалпы, жылумен жабдықтауды ерте дайындау шаралары мұндай өтініштердің азаюына әсер ететіні мәлім. Мәселен, өткен жылдың сәйкес кезеңінде жергілікті тұрғындардан 660 өтініш түсті. Биыл бұл көрсеткіш екі есе азайған, — деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, Ержан Иманзайыпов қазіргі уақытта барлық әлеуметтік нысандар (1220) және екі мыңнан астам көппәтерлі тұрғын үйлердің барлығы 100 пайыз жылумен жабдықтауға қосылғанын атап өтті. Айтуынша, 2024-2025 жылдардағы жөндеу жұмыс-тары шеңберінде облыстың энергия көздерінде негізгі жабдықтың 41 бірлігіне күрделі, сондай-ақ, кеңейтілген және ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған.

— Қазіргі уақытта бекітілген кестеге сәйкес жылу жүйесіндегі 30 бірлікте жөндеу жұмыстары аяқталды, қалған 11 бірлікте жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың қараша айының соңына дейін аяқталады. Бұдан басқа, 31,3 шақырымды құрайтын жылумен жабдықтау желілеріне жөндеу жұмыстары орындалды. Атап өтсек, Павлодар қаласында 15,4 шақырым, Екібастұз қала-сында 11,8 шақырым және Ақсу қаласында 4,1 шақырым желілер жөндеуден өтті. Оның ішінде ҚР Үкіметінің резервінен бөлінген қаражат есебінен облыстың үш қаласында ұзындығы 9 шақырымды құрай-
тын жылумен жабдықтау желі-лерін қайта құру және салу бойынша маңызды 4 жоба іске асырылды. Сондай-ақ, табиғи монополиялар субъектілері өз қаражаты есебінен ұзындығы 2,4 шақырымдық желіге күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын орындады, — деді Е.Иманзайыпов.

 

А.МҰҚЫШЕВ.