Павлодарда 17 елден келген танымал гроссмейстерлер мен спорт шеберлері бас қосқан «Pavlodar Open-2024» халықаралық шахмат турнирі өтуде. Ақыл-ойдың аламанына айналған зияткерлік жарыс бір аптадан астам уақыт бойы жалғасады.
Айта кетейік, Қазақстан Кубогының екінші кезеңі — «Oskemen Open» турнирі Өскемен қаласында өткен болатын. Ал Павлодар қаласында кубоктың үшінші кезеңі 21 қазанға дейін швейцариялық жүйе бойынша өтеді. Сайыстың жоспарына сәйкес 10 турда шахматшылар екі кезең бойынша бақ сынасады. Қазақстан Кубогының үшінші кезеңі атақты қазақстандық және шетелдік гроссмейстерлерді жинады. Оның ішінде «Masters» турнирінде 90-нан астам спортшы және «Open» турнирінде 116 ойыншы қатысады.
ҚР Шахмат федерация-сының вице-призиденті Марат Есеновтің айтуынша, бұл жарысқа 17 мемлекеттен жалпы 200-ден астам шахматшы қатысуда. Шахмат жарысына келген қатысушылар арасында спорт шеберлері, Азия және әлем чемпионаттарының жүлдегер-лері де бар.
— Шахмат жарысы Халықаралық Шахмат Федерациясының ережесіне сай өткізіледі. Турнир екі бағдарламадан тұрады. Біріншісінде – «Masters» — 1900-ден төмен емес рейтингі бар 17 елден жүз шахматшы өнер көрсетеді. Оның ішінде 20 гроссмейстер мен 20 халықаралық шеберлер — «Қазақстан Кубогы-2023» жеңімпазы Мануэль Петросян және Арам Акопян, Қытайдан Бай Цзиньши, ирандық Бардия Данешвар, Үндістаннан Сурья Шехар Гангули, Олимпиада чемпионы Джахонгир Вахидов бар. Екінші бағдарламада — «Open» — рейтингі 2100-ден аспайтын 109 қатысушы бақ сынауда, — деді федерация вице-призиденті.
Аталмыш сайыс Павлодар облысы әкімдігінің және федерацияның бас серіктесі «Freedom Holding Corp» пен «HaGi Павлодар» компаниясының қолдауымен ұйымдас-тырылды. «Masters» турнирінің кепілді жүлде қоры — 24 миллион теңге, оның ішінен жеңімпаз бес миллион теңге алады.
Өз тілшіміз,
Суреттерді түсірген – Есенжол Исабек.