Республика күнінде Естай атындағы мәдениет сарайында Павлодар және Ақмола облысы өнерпаздары арасында өнер жекпе-жегі өткізілді. Аталған шарада өңірлердің айтыскер ақындары, жыршы-термешілері, күйшілері мен дәстүрлі әншілері бес бағыт бойынша сынға түсті.
Екі өңірдің арасындағы өнер жекпе-жегі С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада өткен Қазақстанның айтыс ақындары мен жыршы-терме-шілері халықаралық ода-
ғының отырысынан басталды. Алқалы жиынға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, қазақ айтысының ақтаңгері Жүрсін Ерман және ақын, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтай қатысты. Жиын барысында аталған одақтың Павлодар облыстық филиалының төрағалығына жаңадан тағайындалған айтыскер ақын, «Алтын домбыра» иегері Аспанбек Шұғатаев таныстырылды. Сондай-ақ, кітапхана жанынан филиал кеңсесінің тұсауы кесілді.
Филиал төрағасының таныстырылымынан соң айтулы шара Естай атындағы мәдениет сарайында жалғасты. Өнер додасында екі облыстың қатысушылары дәстүрлі ән, күй, терме, айтыс және жыр түрлері бойынша бақ сынады. Біздің облысымыздың намысын «жыр» бағыты бойынша Бөкен Жігер, «терме» бағыты бойынша Жалын Құнанбай, «дәстүрлі ән» бағыты бойынша Дәуренбек Слямғали, «күй» бағыты бойынша Қайрат Айтбаев, «айтыс» бағыты бойынша Аспанбек Шұғатаев, Рауан Қайдар, Ерлан Аманқожа және Абзал Қабдыраш қорғады. Айтыскер ақындар айтыстың түре, сүре, қайым және жұмбақ айтыс түрлерінен жарысты.
Командалық өнер жарысына Қазақ-станның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерманның төрағалығымен елімізге белгілі ақындар, күйшілер мен дәстүрлі әншілер әділ бағасын берді. Жарыс нәтижесі бойынша облысымыздың өнер-паздары жоғары ұпайға ие болып, жарыстың келесі кезе-ңіне өтті. Айтыскер ақындарға 500 мың теңгелік сертификат табысталса, қалған бағытта өнер көрсеткен қатысушыларға 250 мың теңгеден берілді.
Айдана БОРАНБАЕВА.