Қарттарға қамқорлық

Ақп 6, 2025

«Добродей» клубының еріктілері «Қарлы десант» акциясы аясында жалғызбасты қарттарға көмек қолын созуда. Жуырда жастар ауыл қариясы М.Хамитованың үйіне барып, қолғабыс етті.

Аталған игі шара аясында еріктілер қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға қолдау көрсетеді. Үйлерінің ауласын қардан тазалап, қоқысты сыртқа шығарады. Көмір енгізіп береді. Мұндай акция тек көмек қолын созу ғана емес, жастарды қамқорлық жасауға, мейірімді болуға үйретуді көздейді. Еріктілер аудандағы көмекке мұқтаж жандардың бәріне апта сайын қолғабыс етуде.

— Зейнет жасында болғаннан кейін әрі жалғыз тұратындықтан үй ауласын қардан тазартып, қоқыс төгуге шамам келе бермейді. Ауыл жастары үйіме келіп, айналаны қардан тазартып,  көмір енгізіп берді. Олар мұндай көмекті үнемі көрсетеді. Жастардың қамқорлығына ризашылығымды білдіремін, — дейді М.Хамитова.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.