ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 3 наурызда «Астық тасымалдауға байланысты шығындардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу қағидаларын және Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның астық тасымалдауға байланысты шығыстарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын қабылдады. Құжат 2025 жылғы 1 қаңтар мен 1 қыркүйек аралығындағы бидай экспортына әсер етеді.
Ауыл шаруашылығы министр-лігінің баспасөз қызметі хабар-лағандай, субсидияларды енгізудің басты мақсаты – элеватордың қуаттылығын босату және елде астықтың жиналуын болдырмау үшін артық астықты нарықтан шығару.
Естеріңізге сала кетейік, Үкімет республикалық бюджеттен 2 млн тонна бидай экспортын субсидиялауға 40 млрд теңге бөлуді көздеп отыр. Экспорттың бағытына байланысты көлік шығыстарына субсидиялау нормативі тоннасына 20 мың немесе 30 мың теңгені құрайды.
Экспорттаушы компанияларды қолдаумен қатар, астықты экспорттау кезінде агроөнеркәсіп кешеніндегі ұлттық компаниялардың шығындары субсидиялауға жатады. Азық-түлік корпорациясына Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Қытай елдеріне бидай экспорттау үшін тоннасына 20 мың теңге көлемінде субсидия бөлінеді.
Алтынбек МҰҚЫШЕВ.