Мопедтерін тіркеді

Нау 27, 2025

Аққулы және Жамбыл ауылдарының екі тұрғыны мопедті тіркеу және құжат рәсімдеу бойынша полиция қызметкерлерінен көмек сұрады. Тәртіп сақшылары оларға көліктерін тіркеуге жәрдемдесті.

Биылдан бастап мопед міну үшін жүргізуші куәлігін алу міндеттелген болатын. Онымен қоса, мопедті көлік ретінде тіркеу қажет. Бұл осынау қос дөңгелекті көліктің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының санын азайту үшін қолға алынды. Жазда мопедпен жүргісі келетін тұрғындар дайындықты қазірден бастаған. Әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері Мадияр Қадірхан мен Диас Бәріт көмек сұраған тұрғындарға құжаттарды рәсімдеп, мемлекеттік тіркеу нөмірлерін аз уақыттың ішінде алуға жәрдемдесті.

— Биыл мопедті мінуде заң талаптарына өзгеріс енгізілгенін естіген едік. Көлікке құжатты қалай рәсімдеу, нөмірді алу ретін білмедім. Әкімшілік полиция бөлімшесіне келіп, мамандардан көмек сұрап едім, сол күні барлық жұмысты реттеп берді. Полицейлерге алғыс айтамын, — дейді Диана Леер.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.