Шеберліктерін шыңдады

Нау 27, 2025

Тереңкөл ауданы орталығындағы аграрлық-техникалық колледж жыл сайын жұмысшы мамандарды оқытады. Мұнда студенттердің теория  мен практиканы ұштастыруына көңіл бөледі.

Мәселен, жуырда аспаздықтың қыр-сырын меңгеріп жатқан жастар үшін шеберлік сағаты өтті. «Аспаздық ісі» мамандығында оқитын студенттер ғана емес, олардың ұстаздары да түрлі күрделіліктегі тағамдарды әзірлеудің технологиялары мен техникаларын үйренді. Студенттер салқын тіскебасар тағамдардан бастап ең күрделі деликатестерге дейін жасап көрді.

Г.МАҒЖАН.