Қауіптің алдын алды

Нау 27, 2025

Өңірімізде күн күрт жылынып, қар қарқынды ери бастаған еді. Салдарынан ауылдарда үйлерді су басу қаупі туындады. Сондықтан Железин ауданының елді мекендерінде қауіптің алдын алуға бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылды. 

Аудан билігі әлеуметтік желілерде тұрғындарды да көктемгі қар суымен күреске шақырып, өз үйлерінің шатыры мен ауласындағы қарды тазалауды ескертті. Оған қоса, аудан орталығында тұрғын үйлерді су басудың алдын алу үшін жедел әрекет ететін 10 топ жұмыс істеді. Бұл топтың жұмысына қажетті күш пен қаражат қарастырылды. Дәл осындай топтарды өзге де ауылдық округтерде құрған. Нәтижесінде қауіптің алдын алу мүмкін болған.

Аудан орталығы – Железин ауылдық округінің әкімі Қанат Айсақовтың айтуынша, қаңтар айының ортасынан бастап қар шығару жұмыстарын мықтап қолға алу өз нәтижесін берген. Әсіресе, су басу қаупі бар аумақтарға басымдық берілген. Техниканы көбейткен. Сондықтан, оқыс оқиғалар орын алған жоқ. Енді тазалық, абаттандыру жұмыстарына мән бере бастаған.

Г.МАҒЖАН.