Жас бишілер топ жарды

Сәу 10, 2025

«Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының «Айналайын» би ұжымы Астанада өткен екікүндік XXXVI халықаралық көп жанрлы «UniStar Astana» байқау-фестивалінде бақ сынады. Фестивальге Қазақстанның барлық өңірінен 500-ден астам қатысушы жиналды.

Павлодарлық «Айналайын» би ұжымы байқауда екі нөмір ұсынды. Екі конкурстық күннің қорытындысы бойынша 11 жастағы Айзере Ерсайынова мен Айзере Балғабайдың би дуэті «Мұз бен жалын» қойылымымен екінші орынды иеленді. Ал 9 жастағы Айлин Егінбаева мен Самира Холова дуэті «Turning» биін орындап, байқаудың үшінші орнын иеленді. Олар дипломдармен, байқау медальдарымен марапатталды.

– Мұндай жетістік ұжым үшін маңызды, өйткені халықаралық конкурстарға қатысу балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға көмектеседі, халықтар арасындағы мәдени байланыстар мен достықты нығайтуға ықпал етеді, – деді «Айналайын» би ұжымының жетекшісі Зарина Сагиева.

А.ЖЕҢІСҚЫЗЫ.