Менің әкем — жақсы адам

Сәу 10, 2025

Менің әкем — керемет адам. Ол бізді қатты жақсы көреді. Біз үшін барлығын жасап жүр. Жұмысы ауыр, бірақ үйге келгенде бізге көп көңіл бөледі. Ойындар ойнап, қызықты әңгімелер айтады.

Әкем футболды тамашалағанды жақсы көреді. Ол Қазақстанның футболдан ұлттық құрамасының Астана қаласындағы әр ойынына қатысады. Бізді де өзімен бірге алып барады.

Мен әкеммен бірге қыдырғанды жақсы көремін. Әртүрлі жоба мен конкурстардан орын алғанда әкем бірінші болып қуанады. «Жарайсың» деп мақтау сөздер айтады.

Менің сүйікті көрінісім — ол әкемнің намаз оқып тұрған бейнесі. Біз бақытты баламыз! Себебі арқасүйеріміз – керемет адам. Тірегіміз ауырмай көп өмір сүрсе екен. Мен әкемді қатты жақсы көремін.

Далида МҰРАТОВА, Аксу қалалық №8 орта мектебінің 3-сынып оқушысы, Сынып жетекшісі — Арман Әміренова.