Дайындық пысықталды

Мау 26, 2025

Железин ауданында азаматтық қорғау органдарының қатысуымен кешенді командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті. Мамандар төтенше жағдайларға төтеп беру дағдыларын пысықтады.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде басқару органдарының, азаматтық қорғау құрылы-
мдарының және халықтың іс-қимыл-дарға дайындығының деңгейін анықтау мақсатында кең ауқымды жиын өтті. Соның барысында дағдарыс жағдайында тиімді әрекет ету бойынша әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, өзара іс-қимыл алгоритмдері пысықталып, жедел әрекет ету күштері мен құралдарының дайын-дығы тексеріліп, тәжірибелік жаттығулар ұйымдастырылды.

Шара соңында аудандық азаматтық қорғау қызметтерінің іс-әрекеттері оқу-жат-тығу ұйымдастырушылары тарапынан жоғары бағаланды.

Өз тілшіміз.