Жазғы демалыс маусымында балаларға ұлттық тәрбие мен шығармашылық ортаны үйлестіретін «Ақтоғай этно лагері – 2025» өз жұмысын бастады. Ақтоғай балалар өнер мектебінің этно лагері аудан орталығынан 8 шақырым жердегі Жоламан ауылында орналасқан. Алғашқы ауысымда 50 бала қамтылып, олар үшін қызықты әрі тәрбиелік мәні зор күндер басталып кетті.
Этно лагерьдің басты ерекшелігі – ашылу барысында 8 бағыттағы танымдық алаң-дардың жұмыс істеуі. Олар — «Бауырсақ пати», «Аквагрим», «Этно киіз үй», «Ұлттық ойындар», «Спорттық сайыстар», «Қағаздан қолөнер», «Оқырмандар киіз үйі» және «Ағаш отырғызу» алаңы. Әр алаң ұлттық тәрбиені, шығармашылықты, салауатты өмір салтын және экологиялық танымды бала-
ның бойына сіңіруді мақсат етеді.
Ақтоғай этно лагеріндегі ең мәнді әрі тәрбиелік маңызы зор алаңдардың бірі – «Ағаш отырғызу». Бұл бағыт Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жүзеге асырылды.
А.БОРАНБАЕВА.