Ақтоғай ауданында азаматтық қорғаныс бойынша кешенді оқу-жаттығулар өтті. Оқу-жаттығулар облыстық басқару органдарын, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің күштерін және тұрғындарын төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарға дайындау мақсатында ұйымдастырылды.
Облыстағы азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерін, сондай-ақ халықты төтенше жағдайлар кезінде іс-қимылдарға дайындау жөніндегі 2025 жылға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес жуырда «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кездегі басқару органдарының, азаматтық қорғаныс күштері мен халықтың іс-қимылдары» тақырыбында кешенді оқу-жаттығу өтті.
Оқу-жаттығудың алғашқы күні аудан әкімдігі ғимаратының кіші мәжіліс залында ұйым басшыларының, ауылдық округ әкімдерінің, облыстық және аудандық азаматтық қорғаныс қызметтері өкілдерінің қатысуымен өткен кеңеспен басталды. Кеңес барысында оқу-жаттығудың тұжырымдамасы түсіндіріліп, жедел міндеттер қойылды. Басқару органдары «Күшейтілген дайындық» режиміне ауыстырылды.
Жедел ден қоюдың біріккен жасағына кіретін құрылымдардың саптық қарауы – байқауы өтті. Іс-шара барысында құрылымдардың өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға дайындықтары жөнінде баяндама тыңдалды.
А.БОРАНБАЕВА.