Жаңа жобалар жүзеге асуда

Шіл 3, 2025

Баянауыл ауданында 2025-2026 жылдар аралығында туризм саласын дамытуға бағытталған 4 жоба жүзеге асады деп жоспарлануда. Бұл мақсатқа қазынадан 1 292,7 млн теңге қарастырылған.

Аудан әкімдігінің ақпараты бойынша Сабындыкөл көлінің жағалауы мен жағажайы абаттандырылатын болады. Жоба құны 639,8 млн теңгені құрайды. Көп кешікпей Баянауыл ауылына кіреберіс автожол бойында өлкетану мұражайы бар Визит-орталығы бой көтермек. Бұл бағыттағы жұмыстарға 950,4 млн теңге бөлінген. Бүгінгі таңда нысанның іргетасы құйылуда. Сондай-ақ, Жасыбай демалыс аймағындағы айналма жолға жөндеу жұмыстары жүргізілуде.  Қазіргі күні 40 пайызға жуығы жөнделді, дейді мердігер. Бұдан бөлек, таяуда жеке меншік инвестиция есебінен аудан орталығында «Бірлік — Павлодар» ЖШС тарапынан заманауи құрылғылармен жабдықталған «Пегас» жанар жағармай құю станциясы пайдалануға берілген болатын.

Ауданда қолға алынып жатқан осынау игі істер туризм саласының дамуына тың серпін береді, дейді мамандар.

Н.ШОДЫР.