Аудан әкімі бір апта бойы бірқатар ауылдардың тұрғындарымен кездесті. Биылғы жартыжылдықтағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімен таныстырды.
Бұл аралықта аудан әкімі Азамат Маңғұтов Томарлы, Ивановка, Алтай, Әулиеағаш, Жаңақұрылыс, Жаңабет, Береговое, Октябрьск, Байқоныс және Песчаное ауылдық округтерінде болды. Кездесу барысында елді мекендерді абаттандыру, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыз етуге қатысты мәселелер талқыланды. Әрбір көтерілген мәселеге түсініктеме беріліп, бақылауға алынды. Сонымен қатар, кездесуден кейін азаматтарды жеке қабылдаулар ұйымдастырылды. Яғни, тұрғындардың жеке мәселелері тыңдалып, шешу жолдары қарастырылды.
Г.МАҒЖАН.