Өзге ғимаратқа көшіріледі

Шіл 3, 2025

Май ауданының орталығындағы мұражай жаңа ғимаратқа ауысады. Бұған дейін шағын мұражай мәдениет үйінің екінші қабатында орналасқан болатын.

2014 жылы құрылған ауылдық мұражай 2018 жылдан бастап аудандық  ойын-сауық мәдени орталықтың қарамағына берілген. Қазіргі таңда мұражайға берілген жеке ғимаратқа жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Ресми ашылуы осы жылдың күзіне жоспарланған.

Экскурсия жүргізушісі Алтынбек Байғалиевтің айтуынша, ауыл азаматтарының жанашырлығы мен белсенділігінің арқасында музей қайта жаңғыртылып жатыр. Мұндай бастамалар ауылдың мәдени тынысын арттырып, ұрпаққа өткенді ұмытпауға жол ашатыны анық.

Өз тілшіміз.