Дүкендер мен супермаркет сөрелеріндегі әрбір өнім белгілі бір стандартқа сай болуы керек. Алайда осы жылдың алғашқы жартыжылдығындағы тексеріс нәтижелері облысымызда бұл талаптардың әрдайым орындала бермейтінін көрсетті. Кейбір өнімдердің қаптамасы бұзылып, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен. Оған қоса, таңбалауы толық болмай, құрамы дұрыс көрсетілмеген.
Тексеріс барысында жергілікті бірнеше ірі супермаркет пен дүкендерден құрамы консерванттары шектен тыс көп өнім табылған. Кейбір азық-түлік тауарларының таңбалануы мүлде болмаған немесе ресми тілде ғана берілген. Бұл – ҚР «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» заңына тікелей қайшы.
Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлнәр Ақылбекованың айтуынша, осы жылдың алғашқы жартыжылдығының қоры-
тындысында облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармалары өнімді бақылау-сатып алу шеңберінде 1333 өнім сынамасын, оның ішінде 818 азық-түлік өнімінің сынамасын және 515 азық-түлік емес өнімнің сынамасын іріктеп алған. Ұлттық сараптама орталығының Павлодар филиалы орындаған зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша азық-түлік өнімдерінің 90 сынамасында 20,9 пайыз, азық-түлік емес өнімдердің 340 сынамасында 79,1 пайыз сәйкессіздіктер анықталған.
— Азық-түлік өнімдерінің 2 сынамасында физика-химиялық көрсеткіштер бойынша сәйкес-сіздіктер анықталды. Сонымен қатар, азық-түлік емес өнімдердің 2 сынамасында физи-калық-гигиеналық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздіктер анықталды. Мәселен, «Сквиш «Аю» ойыншығында (өндіруші белгісіз) ылғалды өңдеу әсеріне тұрақсыздық, «Barchyn Fashion» қыздарға арналған ақ мектеп блузкасы (өндіруші белгісіз) бұйымында 0,9 пайыз гигроскопиялық ылғалдық орнатылған.
Одан бөлек, 426 сынамада таңбалау бойынша бірқатар сәйкессіздік анықталды. Атап айтқанда, мемлекеттік тілде ақпараттың болмауы, оралған тамақ өнімдерінің таңбалануы мемлекеттік тілде және құрамы туралы жазылмаған, — деп атап өтті Г.Ақылбекова.
Бүгінде санитариялық-эпидемиологиялық және гигие-налық талаптарына сәйкес келмейтін өнімді сатудан алып қою және кері қайтарып алу туралы жедел ден қою шарасын қолдану туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 47 қаулысы берілді. Нәтижесінде, сомасы 2 млн теңгеден асатын 939,5 келі өнім сатудан алынды.
Айта кетейік, тұтынушылар тауарды сатып алу барысында анықталған, сәйкес келмейтін өнімдер туралы өзекті ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидеми-ологиялық бақылау комитетінің сайтынан біле алады.
Айдана БОРАНБАЕВА.