Егін жинау қарқынды

Там 21, 2025

Ауданда биылғы егін жинау науқаны тұрақты жүргізілуде. Аудан диқандары ауа райының қолайлы кезеңін тиімді пайдаланып, жұмыстарын дер кезінде аяқтауға жақын.

Аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде ауданда орылған алқаптың көлемі 45 122,8 гектарды құрады. Оның ішінде дәнді дақылдар 5524 гектарға, майлы дақылдар 300 гектарға жуықтайды. «СоПут» шаруа қожалығы 500 гектар аумақтан 120 тонна өнім алса, «Май Агро М» ЖШС 20 гектар картоп қазып, 600 тонна өнім алды.

Биыл ауа райының қолайлы және шөптің өнімділігінің жоғары болуына байланысты мал азығын дайындауға, күзгі дала жұмыстарына 610 тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді. Оның 509 тоннасына өтінім беріліп, 101 тоннасы төленіп, жеткізілді.

А.ЖЕҢІСҚЫЗЫ.