Бейнебақылау камералары қойылды

Там 21, 2025

2025 жылы республикалық маңызы бар Атамекен-Ертіс-Русская поляна автожолының Ақтоғай ауданы аумағынан өтетін бөліктерінде жалпы ұзындығы 33 шақырымды құрайтын орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Атап айтқанда, 52-65, 66-73 және 104-117 шақырым аралығын құрайды. Жұмыстарды жүзеге асыратын мердігер ұйым – «AZA» ЖШС. Қазіргі уақытта құрылыс материалдарын жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Осы жылдың 30 мамырында басталған аталған жұмыстар келесі жылы аяқталады.

Сондай-ақ, Ақтоғай ауданында көлік қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау және азаматтардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында тұрғындар көп жиналатын орындарға 5 жылдамдық өлшеуіш құрылғысы мен 72 бейнебақылау камерасы орнатылды.

А.БОРАНБАЕВА.