Жаз қандай тамаша!

Там 21, 2025

Жаз  –  керемет мезгілдердің бірі. Күн жылынып, жер беті құлпырады. Бұл кезде оқу жылы аяқталып, көптен күткен жазғы демалысымыз басталады.

Мен жазғы демалысымда алдымен алыста тұратын ата-әжемнің үйіне барамын. Атам маған балық аулауды үйретіп, суға түсеміз. Әжеме көмектесіп, су тасимын. Ауылда өте көңілді, жақсы демалыс болды.

Демалыс кезінде мен еліміздің әдемі қалаларын аралағанды ұнатамын. Мәселен, Алматы, Астана және Көкшетауға барамын. Ол жақтың орман-тауы, өзен-көлі ерекше сұлу. Оқжетпес пен Жұмбақтас бар.

Енді мектептегі сыныптастарымды сағынып, көруге асықпын.

Айсұлтан БАТЫРХАН, №1 мектептің 2-сынып оқушысы, Павлодар қаласы.