Жаңа өндірістің әлеуеті зор

Қаз 23, 2025
Photo Valeriy BUGAYEV

Аймақ басшысы Асайын Байханов «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Ертіс гидрометаллургиялық комбинаты» ЖШС-нің (ЕГМК) құрылыс орнына барып, болашақта еліміздің экономикалық жағдайын дамытатын ірі инвестициялық жобалардың бірімен танысты.

Ертіс гидрометаллургиялық комбинаты – автоклавты тотығу бойынша заманауи технология енгізілетін елдегі алғашқы толық циклді гидрометаллургиялық кешен. Бұл технология өндірістік үрдістің экологиялық тұсынан қауіпсіз болады. Демек, су көздеріне зиянды қалдықтар төгілмей, атмосфераға зиянды шығарындыларды болдырмайды. Қалдықтарды халықаралық өндірістік стандарттарға сәйкес қауіпсіз жоюды көздеуде.

Кәсіпорын 2028 жылы іске қосылғаннан кейін жыл сайын құрамында 300 мың тонна алтыны бар концентрат өңдеп, 15 тоннаға дейін құрамында 96-98% алтыны бар Доре қорытпасын өндіретін болады. Комбинаттың қызмет ету мерзімі
30 жылдан асады, ал кәсіп-орында тұрақты түрде 700-ден астам адам жұмыс істейді деп жоспарлануда.

Ал Финляндияда ұқсас автоклавтар іске қосылғаннан кейін бір жылдан соң 90 пайызға жеткен. Мұндай өндірісті пайдалану қызметкерлердің жоғары біліктілігі мен жабдықты басқару мәселелері заманауи шешімдерді қажет етеді.

«Ертіс гидрометаллургиялық зауыты» ЖГС жоба жетекшісі Мирас Мәдиевтің айтуынша, автоклав былтыр Антверпен портынан шығып, Обь шығанағында қыстап, өзен арқылы Омбыға, одан Павлодарға жеткізілді.

– Шаймалау автоклавтың ішінде болады, ол концентраттан алтын алу үшін қажет. Жалпы үрдіс 42 бар қысымында және 240 градус Цельсий температурасында алты сағаттан астам уақытқа созылады. Тотығу өнімі автоклавтың өзінде қауіпсіз, қатты күйде қалады, – дейді ол.

Асайын Байханов Ертіс гидрометаллургиялық комбинаты жобасының іске асырылуы тек Павлодар облысы үшін ғана емес, бүкіл ел үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті.

– Бұл жоба Қазақ-станның тау-кен өндірісі саласының технологиялық және экологиялық трансформациясының символына айналмақ. Сондай-ақ, еліміздегі алғашқы толық циклді гидрометаллургиялық кешен. Ортақ міндетіміз – жобаны іске асырудың барлық кезеңдерінің қатаң сақталуын, экологиялық рәсімдердің ашықтығын және жергілікті мамандарды барынша тар-туды қамтамасыз ету, – дейді өңір басшысы.

Алдағы уақытта инвесторлар мектеп, балабақша, спорт нысандарын салып, әлеуметтік мәселелерді шешуге белсенді қатысады деп күтілуде.

Айта кетейік, аталмыш өндірістегі автоклав бірегей жабдығы – Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың құрметіне аталған Пав-лодар өңірінің тумасы, геолог-ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, Қазақ Ғылым академиясының тұңғыш президенті, сондай-ақ Қазақстандағы металлогения мектебінің негізін қалаушы еліміздің ең бай кен орындарын ашу мен зерттеуде шешуші рөл атқарған.

Салтанат ҒАББАС.

Суреттерді түсірген — Валерий Бугаев.