Полиция қызметкері – бұл зор жауапкершілік пен адалдықты талап ететін мамандық. Әрбір елдің тыныштығы мен тұрғындарының қауіпсіздігі полицияның кәсіби жұмысына
байланысты. Сондықтан бұл мамандықтың қоғамдағы рөлі маңызды және қадірлі.
Полиция – мемлекеттің қорғаны, заң мен тәртіптің сақшысы. Олар күн сайын түрлі жағдайда қызмет атқарады. Мәселен, қылмысты ашады, қоғамдық тәртіпті қадағалайды, азаматтардың қауіпсіз-дігін қамтамасыз етеді, төтенше жағдайларда көмек көрсетеді. Күн сайын тәуекелге баратын, бейбіт өміріміздің күзетінде тұрған адамдардың еңбегі ерекше құрметке лайық.
Полиция қызметкері болу үшін алдымен батылдық пен сабырлық қажет. Себебі, кез келген сәтте қауіпті жағдай туындауы мүмкін. Сонымен қатар, адалдық пен әділдік – бұл мамандықтың басты қағидалары. Полицияның әр
шешімі адамдардың тағдырына әсер етуі мүмкін. Сондықтан ол әрқашан заң мен ар-ождан алдында таза болуы тиіс.
Бұл мамандыққа дененің шымырлығы ғана емес, рухани тұрғыдан да дайын болу керек. Сондай-ақ, халықтың сенімін ақтап, елге адал қызмет етуі қажет. Өйткені, халықтың сенімі – олардың басты күші. Полицияға сенім артқан адам өзін қауіпсіз сезінеді, ал бұл – қоғамның тұрақтылығының кепілі.
Болашақта мен де тәртіп сақ-шысы болғым келеді. Адамдарға көмек көрсету, әділдік орнату, ел тыныштығын сақтау – менің басты арманым.
Алмаз ЖАМБЕРБАЕВ,
Мәшһүр Жүсіп атындағы
орта мектептің 8-сынып оқушысы,
Павлодар қаласы.
