Менің әжем

Қар 13, 2025

Менің әжемнің аты – Гүлбану. Ол – мейірімді, ақкөңіл және сабырлы адам. Ол мені кішкентайымнан еркелетіп, жақсы көріп өсірді. Маған қызықты ертегілер айтып береді, түрлі дәмді тағам әзірлейді.

Әжем үнемі үй шаруасымен айналысады. Бәрін ұқыпты және тиянақты жасайды. Оның қолынан көп нәрсе келеді. Мәселен, тігін тігеді, тәтті бәліш пісіреді. Ол маған қазақтың салт-дәстүрлері туралы айтып, үлкен адамдарды сыйлауды үйретеді.

Мен әжемді  қатты жақсы көремін. Ол — мен үшін қымбат, сүйікті жан. Әрдайым аман-есен болып, ұзақ өмір сүрсе екен деп тілеймін.

Әмина АЙТБАЕВА,  Мәшһүр Жүсіп атындағы орта мектептің 3-сынып оқушысы.