Ұстаздық еткен жалықпас…

Қар 13, 2025

1994 жылы ұстаздық жолға келіппін,

31 жылда талай гүлдер егіппін.

Шәкірттерді  қанатыммен  қауқалап,

Еңбегімді солар үшін төгіппін.

 

Бастауыштың ұстазымын білікті,

Оқушыға анадаймын сүйікті.

Өзім білген білімімді үйретіп,

Көрсетуді мақсат еткен биікті.

 

Ұстаздық жол — өмірімнің өрнегі,

Орным бар ойып алған төрдегі.

Жалғыз ғана оқыту ғой мақсатым,

Жалғыз арман — түлегімді түлету. 

 

Білім деген — тереңдігі тұңғиық,

Мәртебесі мұғалімнің шын биік.

Ата-ана мен бала ортасын жалғатып,

Жібереміз оқушыны гүл қылып.

 

Жаңалықтан қалмай келем күндегі,

Талантым бар кейбірінен ілгері.

Мұғалім де оқытамын мен бүгін,

Жаңартылған бағдарламамен күрделі.

 

Сайрагүл ЖАЗКЕЙ,

Әлихан Бөкейхан атындағы лицей-мектептің бастауыш сынып мұғалімі.