Бағдарлама барысы қалай?

Жел 11, 2025

Железин ауданында «AMANAT» партиясының саяси кеңесі бюросы мен депутаттық фракциясының бірлескен отырысы өтіп,  сайлауалды бағдарламаның жүзеге асу барысы сараланды.

Аудан әкімі, партия мүшесі Айтуған Шайхимов партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуы туралы есеп берді. Бағдарлама аясында барлығы 35 іс-шара жоспарланған, оның 22-сі толық орындалды, қалған 13 іс-шара кезең-кезеңімен іске асуда.

Отырыста «AMANAT» партиясынан сайланған ауылдық округтердің әкімдері де есеп берді. Актау ауылының әкімі Жанар Орынтаева елді мекенде жасанды жабындысы бар шағын футбол алаңы мен воркаут алаңы салынғанын, Tele2 операторының заманауи байланыс мұнарасы орнатылғанын айтты. Ақтау және Жолтаптық ауылдарында су құбыры желілеріне ағымдағы жөндеу жүргізілген.

Алакөл ауылдық округінің әкімі Татьяна Метлушко мектепке, ауылдық мәдениет үйіне және медициналық пунктке жүргізілген күрделі жөндеу, көшелерді асфальттау туралы баяндап, мәдениет үйінің аумағында Даңқ аллеясы ашылғанын атап өтті.

Қорытынды сөзінде «AMANAT» партиясының Павлодар облыстық филиа-лының төрағасы Асылбек Туғанбайұлы ауданда халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын, осы бағыттағы істі бірлесе жалғастыру керек екенін  атап өтті.

Өз тілшіміз.

Железин ауданы.