Қайырымдылық көмегі көрсетілді

Қаң 20, 2026

Май ауданында былтыр жыл бойы қайырымдылық бағытын-дағы іс-шаралар жүйелі түрде ұйымдастырылды. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған, тұрмыстық қиындыққа тап болған азаматтарға көрсетілетін бұл көмектің түпкі мақсаты – қоғамда жанашырлық пен өзара қолдау құндылықтарын нығайту.

Соның бір айғағы – «Қамқорлық» қайырымдылық айлығы. Аталған акция аясында аудан тұрғындарына жалпы сомасы 9 млн 408,1 мың теңге көлемінде материалдық және тұрмыстық көмек көрсетілді. Қолдау алдымен көпбалалы отбасыларға, жалғызбасты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға бағытталды.

Көмек пакеттеріне азық-түлік, көмір мен отын, киім-кешек, тұрмыстық заттар және күнделікті қажет тауарлар енді. Сонымен қатар, еріктілер мен мамандар зейнеткерлер мен мүгедек жандарға аула тазалау, су тасу, ұсақ жөндеу жұмыстарын жүргізу сияқты тұрмыстық қызметтер көрсетті.

Жалпы алғанда, қайырымдылық шаралары арқылы аудан бойынша 1 101 тұрғынға нақты көмек көрсетілді.

А.ЖЕҢІСҚЫЗЫ.

Май ауданы.