Құстарға қамқорлық

Қаң 22, 2026

Ауданда мектеп оқушылары «Еңбегі адал жас өрен» жобасына белсенді қатысуда. Еңбекке, табиғатты аялауға бағытталған іс-шара балаларды мейірімді, қамқор болуға шақырды.

Аудан оқушылары  құстарға ұя жасап, ішін жемге толтырды. Ұстаздарымен бірге ұяларды ағаштарға ілді. Қақаған аязда қоршаған ортаға қамқорлық танытқан балалардың әрекеті көпшілікті сүйсіндірді.

Аудандық білім беру бөлімі мұндай іс-шара оқушыларды мейірімді болуға, жанашырлық танытуға шақыратынын алға тартады. Өскелең ұрпақты білімді ғана емес, табиғатты қадірлейтін адал азамат етіп тәрбеиелеу маңызды.

«Еңбегі адал жас өрен» жобасы жалғасын табады.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

Аққулы ауданы.