Заңсыз қосылғанға шара бар

Қаң 22, 2026

Биліктегілер тиісті кестеге сай тұрғындарды жеке мәселелер бойынша қабылдайды. Оларды толғандырған жағдайды тыңдайды. Тиісінше шешім шығарылатынын білесіздер.

Железин ауданының әкімі Айтуған Шайхимов халықтың жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді. Тұрғындар мұнда мүмкіндігі шектеулі балаларды дамытуға арналған мекеме ашу, тұрғын үймен қамтамасыз ету сияқты өтініштерін білдірген.

Сонымен қатар, жеке қабылдауға келген тұрғындардың бірі орталықтандырылған жылу желісіне қатысты мәселе көтерген. Нақтысы, ол жылыту жүйесіне циркуляциялық сорғыларды заңсыз қосу деректерін тексеруді сұраған.

Биліктегілер көтерілген барлық сұрақтарға қолданыстағы заңнамаға сай түсініктеме берген. Ал циркуляциялық сорғыларды заңсыз қосу мәселесі бойынша «Көмек» коммуналдық мекемесі қызметкерлеріне тиісті тексеру жүргізіп, белгіленген тәртіпте шаралар қабылдауды тапсырды.

Г.МАҒЖАН.

Железин ауданы.