Бүгінде жергілікті билік өкілдері ғана емес, полиция қызмет-керлері де тұрғындармен тұрақты түрде кездесіп, көпшіліктің көкейдегі сауалдарына жауап береді. Бұл ретте «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын халыққа жеткізу маңызды. Сондай жүздесулердің бірі Ақсу қаласындағы балалар шығарма-шылығы орталығында өтті.
Алдымен қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері тұрғындармен жекелей жүздесіп, олардың сұрақтарына жауап беріп, өтініштерін қарастырды. Кейін Ақсу қалалық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Айдар Сламбеков жиналған қауыммен кездесіп, ішкі істер органдарының жұмысы, жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шаралар, қаладағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қолға алған істерді атап өтті. Кейін тұрғындар полиция қызметі, құқық бұзушылықтың алдын алу, халықпен өзара әрекеттесу мәселелері бойынша сұрақтарын қойды.
Азаматтардың барлық өтініштері мен ұсыныстары ескерілді. Тәртіп сақ-
шысы жұртшылықпен ашық диалогтың маңыздылығына тоқталып, мұндай кездесулер полиция мен азаматтар арасындағы сенімділікті арттырып, өзекті мәселелерге жедел жауап беруге мүмкіндік беретінін атап өтті. Шынымен, мұндай шаралар полиция қызметінің ашықтығын арттыруға, халықпен өзара әрекеттесу сапасын жақсартуға әсерін тигізеді.
Өз тілшіміз.
Ақсу қаласы.
