Май ауданында қар тазалау және көктайғақты болдырмау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп жатыр. Бүгінге дейін барлық елді мекен бойынша 425 текше метр қар шығарылды.
Аудан аумағында жауған қалың қар көлік қозғалысы мен тұрғындардың жүріп-тұруына кедергі келтірмес үшін ауылдардың тазалығына жауапты мекемелердің арнайы техникалары жұмылдырылып, ауыл көшелерін, тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарын қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта барлық ауылдық округ мердігер ұйымдармен жолдарды қысқы күтіп ұстауға шарт жасасты. Қардан тазалау жұмыстарына барлығы 4 техника және
6 жұмысшы тартылды. Одан бөлек, жолдарды күтіп ұстау шеңберінде қардан тазарту, көктайғаққа қарсы материалдарды себу, қар шығару, жолдарды патрульдеу жүргізіледі. Бүгінде аудан бойынша су қаупі бар жерлерден қар шығару жұмыстары басталды.
А.БОРАНБАЕВА.
Май ауданы.
