Екібастұз қаласының билігі қансорғыштарға қарсы күреске қамданды. Өңірде шыбын-шіркей қатарын азайту үшін кешенді іс-шаралар жоспары белгіленді.
Жалпы, соңғы жылдары тиімді сараптама, ғылыми сүйемелдеу мен сапалы өңдеу жұмыстарының нәти-жесінде қала мен оған қарасты ауылдық аймақтарда қансорғыштардың азайғаны байқалады. Шаһар басшысы Аян Бейсекиннің айтуынша, биыл да бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілмек. Атап айтқанда, Екібастұз қаласы, Солнечный және Шідерті кенттеріндегі барлығы 30 мың гектардан астам аумақ өңделмек.
— Өңдеу жұмыстары су айдын-дарында, жағалауға жақын маңда, елді мекендердің ашық аумақтарында, көпқабатты тұрғын үйлердің жертө-лелерінде жүргізіледі. Барлығы
698 жертөле түгенделді. Тиісті шаралар күн жылына сала басталып, қыркүйекке дейін жалғасады, — деді қала әкімі.
Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.
Екібастұз қаласы.
