Арнайы жаттығулар өтті

Нау 5, 2026

Тереңкөл ауданында «Көктем-2026» республикалық коман-далық-штабтық оқу-жаттығу өтті. Яғни, көктемгі төтенше жағдайлардың ықтимал салдарын жоюға жұмылдырылатын күштер мен құралдардың саптық дайындығы тексерілді.

Аудандық әкімдіктің мәліметінше, шарада азаматтық қорғау қызметтерінің әзірлігі де таразыланды. Міндеттер нақтыланып, құрылымдар мен ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылы пысықталған. Мұндай оқу-жаттығулар су тасқыны кезеңіне дайындық деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылуда. Сондай-ақ, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету көзделген.

Бұдан бөлек, ауданда елді мекендерден қар шығару жұмыстары да жалғасуда. Бұл да көктемгі су басу қаупі бар аумақтардың ахуалын жақсарту үшін қолға алынған.

Г.МАҒЖАН.

Тереңкөл ауданы.