Аудандағы мәдениет үйінде мемлекеттік мекеме басшыларының қатысуымен «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Іс-шараға аудан әкімі Руслан Мұқанов қатысты.
Аудан тұрғындары өздерін толған-дырған сұрақтарын тиісті сала мамандарына қойып, қажетті кеңес алды. «Ашық есік күні» шарасына аудандық сот, прокуратура, полиция, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, төтенше жағдайлар, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің қызметкерлері қатысып, жұртшылықты қабылдады. Мұндай кездесу тұрғындар мен мемлекеттік орган арасындағы байланысты нығайтып, азаматтардың мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік береді.
Іс-шараға қатысқан тұрғындар баспана алу, жұмыспен қамту, заң аясында туындаған мәселелерін ортаға салды, мамандар бағыт-бағдар берді.
А.АСҚАРҚЫЗЫ.
Аққулы ауданы.
