Су тасқыны — бақылауда

Нау 12, 2026

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожинов жұмыс сапарымен Ақтоғай ауданына барып, алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстарын тексерді. Сапар барысында су тасқынына қарсы іс-шаралардың орындалу барысы пысықталып, жауапты қызметтердің күштері мен техникалық дайындығы жан-жақты қаралды.

Мамандандырылған техника мен жауапты қызметтердің жедел әрекет ету мүмкіндіктері зерделеніп, олардың дайындық деңгейі бағаланды. Су тасқынының алдын алу және ықтимал қауіптердің салдарын азайту мәселесі қатаң бақылауда екені атап өтілді.

Сондай-ақ, аудандық қызмет басшылары мен ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен арнайы кеңес өткізілді. Жиында су тасқыны жағдайына тұрақты мониторинг жүргізу, тәулік бойы кезекшілікті ұйымдастыру, сондай-ақ барлық тартылған құрылымдардың өзара іс-қимылын үйлестіру мәселелері талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша жауап-
ты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріліп, барлық іс-шараларды уақытылы әрі толық көлемде орындау міндеттелді.

А.БОРАНБАЕВА.

Ақтоғай ауданы.