Тәжірибелерін ортаға салды

Нау 12, 2026

Железин ауданы Веселая роща ауылының мектебінде оқу үдерісіне жасанды интеллект енгізу тақырыбы талқыланды. Яғни, ауданның 28 мектебінің педагогтары бас қосқан практикалық семинарда ұстаздар ұтымды тәсілдерімен, тәжірибелерімен бөлісті.

Аудандық білім беру бөлімінің мәліметінше, семинарға қатысушылар жасанды интеллекттің білім берудегі әлеуетін талдады. Сонымен қатар, педагогтер нейрожелілерді қолданудың мүмкіндіктері мен этикалық қырларын қарастырған. Заманауи педагогке төнетін сын-қатерлерді саралады.

Ашық сабақтарда тарих, информатика, химия, қазақ тілі мен әдебиеті, пәндері мен шағын орталықтағы оқу барысында жасанды интеллект элементтерін кіріктіру үлгілері көрсетілген. Ұстаздар цифрлық құралдарды тиімді пайдалану, оқушылардың сыни ойлауын дамыту тәсілдерін ұсынған. Ал шеберлік сағаттарында интерактивті тапсырмалар әзірлеу, шығармашылық пәндерді AI қолдану және «ақылды көмекшілермен» жұмыс істеу жолдары тәжірибе жүзінде таныстырылды.

Г.ТҮГЕЛБАЙ.

Железин ауданы.