Ақтоғай ауылында көктемгі маусым басталысымен көшелерді қалыпқа келтіру жұмыстары қолға алынды. Қыс бойы жиналған мұз бен қар тазартылып, жолдардың жағдайы ретке келтірілуде.
Қазіргі уақытта ауыл ішіндегі бірқатар көшеде жолдарды тегістеу және ойық-шұңқырлары бар учаскелерді реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қыс мезгілінде пайда болған мұз қабаттарын бұзу және жол бетін қалыпқа келтіру үшін арнайы грейдер техникасы пайдаланылуда. Сонымен қатар, көшелерде жиналып қалған қар үйінділерін шығару жұмыстары да қатар атқарылуда. Фронтальды тиегіштің көмегімен қар жиналып, арнайы белгіленген орындарға жеткізілуде. Жүргізіліп жатқан бұл жұмыстар көктемгі кезеңде жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ауыл көшелерінің тазалығын сақтауға бағытталған.
А.БОРАНБАЕВА. Ақтоғай ауданы.
