Тәртіпті таңдайды

Нау 19, 2026

Тереңкөлдік оқушылар «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасының мән-маңызын  театрландырылған қойылымдар арқылы көрсетуге тырысты. Ауданның 7-9-сынып оқушылары осылайша бүгінгі ұрпақ арасында құқықтық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті нығайтуды көздеген.

Тереңкөл аудандық білім беру бөлімінің мәлімдеуінше, шараға 150-ден астам жасөспірім атсалысқан. Яғни, мектеп оқушыларының құқықбұзушылықтың алдын алу және жеткіншектер арасында заңға бағынатын азаматтар тәрбиелеу ісіне бейжай қарамайтынын көрсетсе керек. Театрландырылған қойылымдар арқылы қатысушылар өз таңдауын және оның салдары, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі, буллинг пен құқықбұзушылықтың алдын алу, заңға бағынатын азамат тәрбиелеуде отбасы мен мектептің рөлі сияқты әлеуметтік мәселелерді көтерген. Олар актерлік шеберліктерін ғана көрсетіп қойған жоқ, сонымен қатар заң талаптарын сақтау тұрақты әрі қауіпсіз қоғамның негізі екенін еске салып, ойландырды.

Г.МАҒЖАН. Тереңкөл ауданы.