Ауданда «Даналық мектебі» ата-аналар клубының ұйымдасты-руымен тағылымды кездесу өтті. Шараға «Аналар үйі» қоғамдық қорының жетекшісі, қоғам белсендісі Салтанат Сипатилова қатысты.
Аталған ұйым 6 жыл көлемінде нәтижелі жұмыс істеп, Қазақстан бойынша 350-ден астам бала асырап алған отбасыларды біріктіріп отыр. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, ата-аналар бала тәрбиесі, психологиялық қолдау, мектеп пен аналар арасындағы ынтымақтастық мәселелерді кеңінен талқылады. Клуб мүшелері көрме ұсынды.
Салтанат Мұратқызы өз тәжірибесімен бөлісіп, бала асырап алушы отбасылармен жұмыс жүргізудің маңызына тоқталды. Шара барысында ата-аналар толғандырған сұрақтарын қойып, жауап алды. Мұндай жүздесу отбасы институтын нығайтуға, бала құқығын қорғауға және мектеп пен ата-аналар арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік
береді.
А.АСҚАРҚЫЗЫ.
Аққулы ауданы.
