Бассейн салынуда

Нау 19, 2026

Аудан орталығында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында бассейннің құрылысы жүргізілуде. Қазір екі жылдық жоба аяқталуға жақын.

Осылайша, аудан тұрғындарының көптен күткен тілегі орындалмақ. Заманауи демалыс орнында  жұртшылық спортпен шұғылданып, денсаулықтарын жақсартатын болады.

Ауданда білім беру саласында да ауқымды іс атқарылуда. Шалғайдағы Қызылқақ ауылының оқушылары жаңа оқу жылында заманауи мектепте білім алатын болады.  Бүгінде білім ошағында әрлеу жұмыстарының біраз бөлігі орындалды. Елді мекендегі мұндай жобалар тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға жол ашады. Аудан жұртшылығы атқарылып жатқан игі бастамаларға дән риза. Нысандардың ашылуын асыға күтуде.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

Ертіс ауданы.