Тазалық – ортақ іс

Сәу 2, 2026

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында Май ауданының Көктөбе ауылында кезекті «Таза бейсенбі» эколо-гиялық акциясы ұйымдастырылды. Ауыл тұрғындары мен жастардың басын қосқан бұл игі шара туған жердің тазалығын сақтауға бағытталды.

Шара барысында қатысушылар ауыл аумағын қоқыстан тазартып, айналаны ретке келтірді. Жастардың белсенділігі ерекше байқалып, ортақ іске жұмыла кіріскені көпшілікке үлгі болды. Аталған акцияға ауданның «Ertis» жоғары инновациялық аграрлық колледжінің студенттері мен оқытушылары да белсене қатысып, қоғамдық іске өз үлестерін қосты. Олар табиғатты аялау ісінде бірліктің маңызын тағы бір мәрте көрсетті.

Мұндай экологиялық шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып, туған өлкенің көркеюіне қызмет етпек.

А.БОРАНБАЕВА.

Май ауданы