Тереңкөл ауданында шыбын-шіркейге қарсы жұмыстар жүргізілуде. Ғылыми топтың ұсынысы негізінде сәуір айының ортасында жаяу өңдеу шаралары қолға алынған.
Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының берген мәліметтеріне сәйкес, ғылыми топтың ұсынысымен 2026 жылы Тереңкөл ауданында
20 мың гектар әуеден өңделеді. Былтыр да осындай аумақта жұмыстар жүргізілген. Ал әуеден өңдеу мүмкін болмайтын жерлер рюкзак бүріккіштерінің көмегімен жаяу жүзеге асырылады. Ауданда шыбын-шіркейдің қанаттанған түріне қарсы кемінде жағалаудағы 12 елді мекенде тосқауылды өңдеу жүргізілмек.
Тереңкөл ауданында қансорғыш жәндіктерге қарсы дезинсекциялық жұмыстарды «ВиК ЛТД» облыстық мердігер ұйым және «НПП Биосфера» ЖШС ғылыми сүйемелдеу тобы жүргізеді. Ғылыми топтың ұсынысы бойынша қансорғыштарға қарсы биологиялық және химиялық препараттар қолданылады. Мамандар барлық препараттар Еуропалық сапа стандарттарына сәйкес келетінін айтады. Яғни, ең қауіпсіз әрі Қазақстан аумағында қолдануға рұқсат етілген түрі көрінеді. Естеріңізге сала кетейік, өңірімізде шыбын-шіркей дернәсілдерінің дамуына фенологиялық бақылау бір ай бұрын басталды.
Г.МАҒЖАН.
ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫ
