Жастарға мүмкіндік көп

Сәу 30, 2026

Облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Жасыл ел» облыстық штабы Успен ауданы мектептерінің оқушыларымен ақпараттық үгіт-насихат кездесуін өткізді.

Кездесу барысында 16 жастан асқан оқушыларға «Жасыл ел» бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері жан-жақты түсіндірілді. Ұйымдастырушылар прак-
тикалық мәселелерге тоқталып, маусымдық жұмыспен қамту түрлері, еңбек шарттары мен еңбекақы деңгейі туралы нақты мәлімет берді. Сонымен қатар, жастардың қатысатын негізгі бағыттары аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру, экологиялық акциялар мен әлеуметтік жобалар екені атап өтілді.

Шара аясында жасаққа қабылдану тәртібі, үміткерлерге қойылатын талаптар да кеңінен түсіндірілді. Бағдарламаға қатысудың басты артықшылықтары ретінде еңбек тәжірибесін жинақтау, жауапкершілік пен ұйымшылдықты дамыту, сондай-ақ жеке дағдыларды жетілдіру мүмкіндіктері айтылды.

Кездесу соңында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, «Жасыл ел» қатарына қосылу жолдары мен өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға қосатын нақты үлестері туралы толық ақпарат алды.


Н. ҚАЛЫБЕК.

УСПЕН АУДАНЫ