Қандай өзгерістер болмақ

Сәу 30, 2026

Аққулы ауданында биылғы жылы  ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында бірқатар нақты жұмыстар қолға алынбақ. Атап айтқанда, Аққулы, Бесқарағай, Жамбыл, Қарақала және Қызылқоғам ауылдарында бес мал қорымын салу жоспарланса, Баймолдин ауылында жаңа ветеринариялық пункт бой көтермек.

Бұл шаралар мал шаруашылығын дамытуға және эпизоотиялық ахуалды тұрақтандыруға оң әсерін тигізеді деп күтілуде. Жиында қаралған екінші мәселе аудандық аурухананың жұмысымен байланысты болды. Мекеме басшысы  Талғат Асылбек медициналық ұйымдағы температуралық режимді қалыпқа келтіру бағытында атқарылатын жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуынша, 2026 жылы аурухананың өз қаражаты есебінен КВ-900 қазандығын ауыстыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, ғимараттың үшінші қабатындағы бос тұрған бөлмелерді қайта бөлу арқылы 3–5 секциялы радиаторларды 12 және одан да көп секциялы жаңа радиаторларға алмастыру көзделген. Бұл өз кезегінде ғимарат ішіндегі жылу жүйесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Н. ҚАЛЫБЕК.

АҚҚУЛЫ АУДАНЫ