Тұрғындар мәселесі қаралды

Мау 18, 2026

Май ауданында тұрғындармен кері байланысты нығайту және азаматтардың өзекті мәселелерін шешу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы мақсатта аудан әкімі Қадылжан Сәтиев кезекті жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

Азаматтарды қабылдау барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, аудан басшысына сұрақтарын қойды. Атап айтқанда, шиномонтаж қызметін ашу үшін жер телімін алу тәртібі, тұрғын үй шатырының техникалық жай-күйі, сондай-ақ баспана мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді. Әрбір азаматтың өтініші мұқият тыңдалып, жан-жақты қарастырылды.

Қабылдау барысында көтерілген мәселелер бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсініктемелер беріліп, оларды шешудің жолдары талқыланды. Сонымен қатар, жауапты мемлекеттік мекемелер мен тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеліп, өтініштердің орындалуы бақылауға алынатыны айтылды.

А.ЖЕҢІСҚЫЗЫ.

МАЙ АУДАНЫ