Успен ауданындағы мәдениет үйінде күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Жоба мамыр айының ортасында қолға алынып, қазіргі уақытта негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.
Күрделі жөндеу барысында ғимараттың инженерлік инфрақұрылымы толық жаңартылмақ: шатыр ауыстырылып, терезелер мен есіктер жаңаланады. Сондай-ақ, су, электр және жылу жүйелері толық жөндеуден өтеді, өрт қауіпсіздігі жүйесі орнатылады. Көрермендер залы да жаңартылып, дыбыс және жарық жүйелері сияқты заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Бұдан бөлек, мәдениет үйінің айналасын абаттандыру жұмыстары қарастырылған.
Жобаға облыстық бюджеттен 160 мил-
лион теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұл жұмыстардың жүзеге асуына облыс әкімі Асайын Байхаовтың тарапынан қолдау көрсетілуде.
А.ЖЕҢІСҚЫЗЫ.
УСПЕН АУДАНЫ
