Жауапты міндеттер жүктелді

Мау 25, 2026

Ақтоғай ауданында ауылдық округ әкімдерінің, сондай-ақ ұйымдар мен кәсіпорындар басшыларының қатысуымен аудан әкімдігінің кезекті отырысы өтті.

Жиын барысында ауданның мәдениет, кітапхана ісі және спорт салаларында атқарылған жұмыстардың қорытындылары талқыланып, осы бағыттардағы өзекті мәселелер қаралды. Сонымен қатар, аудан аумағындағы мәдениет және спорт нысандарында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысы сараланып, жобалардың жүзеге асу деңгейіне баға берілді.

Күн тәртібіне шығарылған мәселелер бойынша жауапты бөлім басшылары баяндама жасап, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде есеп берді. Отырыста тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, инфрақұрылымдық жобаларды белгіленген мерзімде аяқтау және салалық көрсеткіштерді жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

А.ЖЕҢІСҚЫЗЫ.

АҚТОҒАЙ АУДАНЫ