Ақжол ауылында бұқаралық спортты насихаттау және тұрғындарды салауатты өмір салтына тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Қазіргі уақытта мұнда заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы бойынша жоба іске асырылуда.
Нысанның құны 164,1 млн теңгені құрайды. Мердігер – «ОКО-Мир ПВ» ЖШС. Сонымен қатар, Баскамыс ауылында шағын футбол алаңы орнатылуда. Жасалған шарттың сомасы 10,7 млн теңгені құрайды. Жұмыстарды аяқтау осы жылдың маусым айына жоспарланған.
Бұл жобаларды іске асыру бірден бірнеше маңызды міндетті шешуге мүмкіндік беретінін атап өту маңызды: ауыл жастарын сапалы демалыспен қамтамасыз ету, жаңа спорт секцияларын ашу және жергілікті тұрғындардың денсаулығын нығайту үшін жағдай жасау.
Одан бөлек, ауылды абаттандыру үшін балалар ойын алаңының элементтерін жөндеуге 1 млн теңге, сондай-ақ көгалдандыруға және инфрақұрылымды ағымдағы жөндеуге 1,0 млн теңге көлемінде ақшалай қаражат бөлінді.
А.ЖЕҢІСҚЫЗЫ.
АҚТОҒАЙ АУДАНЫ
