Еліміз бойынша жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол апаттары жиілеген. Мамандардың сөзінше, бұған жастардың жаппай электронды самокаттармен қатынау барысында жол ереже-лерін сақтамауы себеп. Жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында ағымдағы жылдың 1 шілдесінде электронды самокаттарды, мопедтерді пайдала-нуға арналған жаңа талаптар енгізілді.
Өзгерістер бойынша электронды самокаттарды пайдалауға болатын арнайы орындар белгіленген. Әрі бұл құралдарды кімдердің қолданатыны және құқықбұзушыларға қандай айып тағылатыны жайлы деректер нақтыланған.
Қазірде әрбір электронды самокатта өзінің мемлекеттік тіркеу нөмірі орнатылған. Соның нәтижесінде жол ережелерін бұзу фактілерін камералар арқылы жылдам анықтауға болады. Алдағы уақытта самокат тізгіндеген азаматтар көлік жүргізушілері сияқты жол ережелерін сақтауға міндеттеледі.
Сәйкесінше, азаматтардың кәмелет жасына толуы, жүргізуші куәлігі мен арнайы қорғаныш бас киімі болуы қадағаланады. Яғни, жасөспірімдер мен жүргізуші куәлігінің кез келген категориясы жоқ азаматтар электронды само-каттарды пайдалана алмайды. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолында 6 км/сағатпен баяу қозғалу керек. Ал максималды жылдамдық 25 км\сағаттан аспауы тиіс. Бұл жылдамдықпен маршруттық көліктерге арналған жолмен қозғала алады.
Электронды самокат тізгіндеу-шінің қауіпсіздігін алға қоя отырып, бір құрылғыға тек бір адам ғана міну керектігі, түнгі уақытта міндетті түрде жарық шамдарын қосып жүруі қатаң ескертілді.
Жоғарыда айтылған ескерту-лерді елемеген тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылады, дейді Павлодар облыстық полиция департаментінің әкімшілік басқармасы бастығының міндетін атқарушы Қуаныш Мұстафин.
— 2026 жылы өңірде аталған көлік құралын тізгіндеп, жеңіл жарақатпен ауруханаға түскен екі факті анықталған. Осы бағытта полиция қызметкерлері барынша мониторинг жұмыстарын күшейткен. Ал ережелерді елемегендер әкімшілік жаупкершілікке алынатын болады. Жолаушылар мен жүктерді тасымалдаушылар әкімшілік құқық бұзушылық кодескінің 593-бабы бойынша 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Сондай-ақ жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге
де талаптарды бұзғаны үшін 620-бапқа сәйкес ескерту немесе 3 АЕК көлемінде айыппұл салып, жауапкершілікке тарту шаралары жүргізілмек. Сонымен қатар қаладағы велосипед тізгіндеушілерге арнайы жолақтар салынатын болады. Жалпы облыста қалаішілік велосипед жүргіншілеріне арналған 34 км жолақ бар.
Велосипед жүргіншілерінің көбеюі әсерінен алдағы уақытта тағы бірнеше бағытқа веложолақ төселмек. Торайғыров, Олжабай батыр, Академик Шөкин, Сәтбаев және Бекқожин көшелерінде велосипедпен қауіпсіз қозғалысқа арналған жолақтар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бұл көшелерде арнайы жолақтар бөлуге мүмкіндік бар, – деді ол.
Бұған қоса, электронды самокаттарды дұрыс қолдану тәртібі бойынша, азаматтар оларды қолданып болған соң, белгіленген орынға қою керек. Егер қызметкерлер самокат-тарды белгіленбеген орындардан тауып алса, камералар арқылы қолданушыны тауып алып, шаралар қолданатынын жеткізді.
Аталған жаңа заңнама электронды самокаттарды жаппай қолданғанды жақсы көретін жасөспірімдерге жағымды жаңалық емес екені рас. Осы тұста олардың да пікірін біліп көрдік.
Қала тұрғыны Әділет Айтжанов самокаттарды пайдаланудағы жаңа заңнамаларға деген өз пікірін білдірді.
— Қазіргі таңда электронды самокаттарды қаланың кез келген бұрышынан таба аламыз. Әрине, біз де осындай қатынау жүйесіне қызығып, бір-екі рет жүріп көрдік. Баратын жеріңе желдей есіп жетесің. Алайда оны да дұрыс пайдалану керек. Елімізде электронды самокаттарды қолдануда енгізілген жаңа талаптармен толық келісемін. Бұл ережелер қоғам қауіпсіздігі үшін маңызды. Себебі, достарымның арасында самокатты жаяу жүргіншілер жолағында дұрыс пайдаланбағанның салдарынан оқыс оқиғаға тап болған жағдайлар болған. Балаларға таңдау құқығын беру дұрыс, алайда олардың ойының толық жетілуі кәмелетке толған жастан салмақты бола бастайды. Осыны түсіну керек деп ойлаймын, — дейді жасөспірім.
Сара ӘБДОЛ.
