Өрт қаупі жоғары кезеңде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ақтоғай ауданындағы өрт сөндіру бекеттері мен коммуналдық жағажайлардың дайындығы
тексерілді.
Облыс әкімі Асайын Байхановтың тапсырмасына сәйкес, Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының басшысы Беслан Ұйықбаев аудан аумағындағы өрт сөндіру бекеттері мен коммуналдық жағажайларын аралады.
Жұмыс сапары барысында өрт қаупі жоғары кезеңге дайындық, өрт сөндіру бекеттерінің материалдық-техникалық жарақтандырылуы тексерілді. Сондай-ақ, ауылдық округтердегі коммуналдық жағажайларда қауіпсіздік талаптарының сақталуы, құтқару құралдарының, ақпараттық стендтер мен ескерту белгілерінің болуы қаралды.
Сапар қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жою және өрт пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берілді.
А.БОРАНБАЕВА.
АҚТОҒАЙ АУДАНЫ
