Игі бастама жалғасуда

Шіл 30, 2026

Баянауыл ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауқымды жұмыстар жалғасуда. Биылғы жазғы маусымда аудан бойынша 100-ге жуық мектеп оқушысы мен жастар еңбек жасағының құрамында туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосып келеді.

Бүгінде Ақтоғай ауылдық округіне қарасты Жоламан ауылында автомобиль жолына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазірде жолдың негізгі
бөлігін тегістеу, жол жиегін қалыпқа келтіру және қозғалысқа қолайсыз учаскелерге қиыршық тас төсеу жұмыстары қарқынды атқарылуда. Жөндеу жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, белгіленген мерзімде аяқталады деп күтілуде.

Сонымен қатар, Ақтоғай ауылында абаттандыру жұмыстары да қарқын алған. Елді мекеннің санитарлық тазалығы мен көркін сақтау мақсатында қоғамдық орындарда, саябақтарда, көше бойында және ортақ пайдаланылатын аумақтарда шөп шабу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар ауылдың эстетикалық келбетін жақсартып, тұрғындар үшін таза әрі жайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

А.БОРАНБАЕВА.

БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ